30.04.2010, 16:10 6885

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі электр станциялардың 1,5 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық міндеттемелері орындалмағанын анықтады

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі электр станциялардың 1,5 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық міндеттемелері орындалмағанын анықтады

Астана. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергеновты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Н.Алдабергенов президентті электрстанциялары мен өңірлік электр желілік компанияларға олардың өндірісті жаңғырту туралы инвестициялық міндеттемелерін орындаулары бойынша жүргізілген тексерістің қорытындылары туралы хабардар етті. "AES" компаниясына қарасты Шульбинск және Өскемен Су электр станцияларының міндеттемелері орындалмағаны, сондай-ақ құны 1,5 миллиард теңгені құрайтын бірқатар өзге электр станциялардың инвестициялық міндеттемелері орындалмағаны анықталды.

Иңгімелесу барысында сондай-ақ энергиямен қамту мәселесі талқыланды. Агенттік тарапынан электр энергиясына арналған дифференциалды тарифтер енгізілген. Бұл заңды тұлғалардың энергияны тұтыну көлеміне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі уақытта тарифтердің екі деңгейлі жүйесі жұмыс істеуде, таяу екі-үш жылда үш деңгейлі жүйені енгізу жоспарланып отыр.

"Президент дифференциалды тарифтерді қолдануды дамыту, соның ішінде тұрғындардың суды тұтынудағы үнемшілдігін ынталандыру үшін оны сумен қамтуға енгізу туралы нақты тапсырма берді", - деді Н.Алдабергенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны