19.09.2007, 14:36 2540

"Таблиги Джамаат" діни бірлестігінің өкілдері болып табылатын Қырғызстанның үш азаматы дін таратушылықпен заңсыз айналысқаны үшін Қазақстан аумағынан қудаланды

"Таблиги Джамаат" діни бірлестігінің өкілдері болып табылатын Қырғызстанның үш азаматы дін таратушылықпен заңсыз айналысқаны үшін Қазақстан аумағынан қудаланды.

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін"- "Таблиги Джамаат" діни бірлестігінің өкілдері болып табылатын Қырғызстанның үш азаматы дін таратушылықпен заңсыз айналысқаны үшін Қазақстан аумағынан қудаланды, деп хабарлайды агенттік ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бішкектен келген шетел азаматтары ҚР "Діни сенім-наным еркіндігі және діни бірлестіктер жөніндегі" заңның 4-ші бабының талабын бұза отырып, уәкілетті орган болып табылатын Жамбыл облыстық әкімшілігінде тіркелместен, Жамбыл облысының аумағында дін таратушылықпен шұғылданған", - делінген хабарламада.

Тараз қалалық прокуратурасы Қырғызстанның үш азаматының үстінен ҚР Икімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекстің 375-ші бабы бойынша әкімшілік іс қозғап, сотқа жолдады. "Сот аталған тұлғаларды айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартып, ел аумағынан қудаланатын болды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны