07.07.2015, 09:15 3484

Таяу Шығыс және Африкадағы жағдайдыӊ нашарлануына қатысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ мәлімдемесі

Қарапайым халықтыӊ зардабына әкеп соққан лаӊкестік іс-әрекеттер нәтижесінде Таяу Шығыс және бірқатар африкалық мемлекеттердегі жағдайдыӊ нашарлануына байланысты Қазақстан алаӊдаушылық білдіреді. Қазақстан Тунис, Кувейт, Мысыр және Нигерия халықтарына қайғы-қасіретіне ортақтастығын білдіріп, осы елдерде болған лаӊкестік іс-әрекеттерге орай қөӊіл айтады

Астана. 07 Шілде. Kazakhstan Today - Қарапайым халықтыӊ зардабына әкеп соққан лаӊкестік іс-әрекеттер нәтижесінде Таяу Шығыс және бірқатар африкалық мемлекеттердегі жағдайдыӊ нашарлануына байланысты Қазақстан алаӊдаушылық білдіреді. Қазақстан Тунис, Кувейт, Мысыр және Нигерия халықтарына қайғы-қасіретіне ортақтастығын білдіріп, осы елдерде болған лаӊкестік іс-әрекеттерге орай қөӊіл айтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан, дүниежүзілік қауымдастықтыӊ бөлігі ретінде, осы елдердегі жағдайға алаӊдаушылық білдіре отырып, лаӊкестіктіӊ бар түрлері мен көріністерін табанды түрде кінәраттайды және осы құбылысты түп-тамырымен құрту үшін дүниежүзілік қауымдастықты нәтижелі ұжымдық шаралар қабылдауға шақырады. Қазақстан лаӊкестік әрекеттер бүкіл әлемге қауіп-қатер төндіреді деп санайды, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Қазақстан ұстанымы халықаралық құқық қағидаттарына және БҰҰ ҚК тиісті қарарларына негізделеді. Экстремизм мен лаӊкестікке қарсы БҰҰ аясында бірлескен шаралар қолдану және Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі халықтыӊ болашағы мен мүмкіндіктеріне кернеу салатын экономикалық және әлеуметтік мәселелер шешімініӊ жолдарын іздеу қажет деп ойлаймыз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны