10.08.2011, 17:38 3561

Такси жүргізушісін соққыға жыққан шенеуніктің үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты сот әлі де жалғасуда

Қазақстан дипломаты, ҚР СІМ құқықтық департаментінің кеңесшісіне 181 баптың 2 тармағы "а" тармақшасында (қоқанлоққы көрсету) және 257 баптың 3 тармақшасында (бұзақылық) көрсетілген істер бойынша айып тағылып отыр.

Алматы. 10-тамыз. Kazakhstan Today - Такси жүргізушісін соққыға жыққан шенеуніктің үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты сот әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Петропавлда танысымен бірге 400 теңге төлемей, такси жүргізушісін соққыға жыққан ҚР Сыртқы істер министрлігінің қызметкері Мадияр Нұрхановқа қатысты сот процесі жалғасуда.

Қазақстан дипломаты, ҚР СІМ құқықтық департаментінің кеңесшісіне 181 баптың 2 тармағы "а" тармақшасында (қоқанлоққы көрсету) және 257 баптың 3 тармақшасында (бұзақылық) көрсетілген істер бойынша айып тағылып отыр.

Тергеу мәліметтері бойынша ағымдағы жылдың сәуір айында дипломат және оның Петропавлда тұратын танысы мас күйінде такси жүргізушісіне 400 теңге беруден бас тартады. Онымен қоса олар таксисті соққыға жығып, көліктің әйнегі мен шамын сындырып кеткен.

Соттың келесі отырысы 19 тамыз күні болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны