Система Orphus

Талапкерлерді бағалау жүйесі 2016 жылдан бастап енгізіледі - А.Сәрінжіпов

14.07.2014, 20:22 683

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. Қазақстандық жоғарғы оқу орындар 2016 жылдан бастап талапкерлерді бағалау өлшемдерін бекітетін болады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

"Біз орта білім беру құрамын жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізудеміз. Сонымен қатар, жаңа бағалау жүйесін жасақтапта жатырмыз. Бұл жүйеге бітіру емтиханы және жоғарғы оқу орнына түсу мәселелері енгізілген. Яғни біз оқу орындарына оларға түскелі жатқан талапкерлердің білім деңгейін өз бетінше бағалауға жартылай мүмкіндік береміз", - деді Сәрінжіпов.

Сонымен қатар, ведомсвто басшысы мұндай жүйе шығармашылық мамандықтар бойынша қолданылуда, деп атап өтті.

"Жоспар бойынша біз 2015 жылы жаңа стандартты сынақтан өткіземіз. Содан кейін 1 жыл өткен соң талапкерлерді бағалаудың жүйесін толығымен енгіземіз", - деп министр түсіндіріп өтті.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны