24.07.2014, 21:25 4975

Талапкерлердің 44%-ға жуығы жоғарғы оқу орнына түсуге бағытталған кешенді тестілеуде жақсы көрсеткішке ие болды - вице-министр

19-22 шiлде аралығында Қазақстанның 42 жоғарғы оқу орнында кешендi тестiлеу жүргiзiлдi.

Алматы. 24 шілде. Kazakhstan today. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша, 44%-ға жуық талапкер жоғарғы оқу орнына түсу үшін қажет емтиханда жақсы көрсеткіш көрсете білді, - деп хабаралады ҚР білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.

"Кешенді тестілеу мектепті бір жыл бұрын бітіріп кеткен немесе техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің түлектері арасында жүргізіледі. Тестілеуден өтуге 87060 өтініш берілсе, 84496 талапкер кешенді тестілеуден өткен", - деді вице-министр.

Оның айтуынша, максималды 100 баллды 9 талапкер, орташа баллды талапкерлердің 44,9% жинаған. Ал, шекті 50 баллды олардың 56019 жинақтай алмаған.

"Егер, шығарамшылық емтихан тапсырған талапкерлерді ескеретін болсақ онда шекті ұпайды 47759 немесе талапкерлердің 56,52% көрсете алмаған", - деп ол толықтырды.

Жалпы, талапкерлердің 44%-ға жуығы жоғарғы оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеуде жақсы көрсеткіш көрсетті.

Айта кетерлік жайт, тестілеу барысында рұқсат етілмеген 46 мың зат тәркіленген.

"Өткен жылдардағыдай талапкерден ұялы телефондар, калькулятор, шпаргалкалар және т.б. заттар тәркіленді", - деп ол түсіндіріп өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 19-22 шiлде аралығында Қазақстанның 42 жоғарғы оқу орнында кешендi тестiлеу жүргiзiлдi.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны