05.07.2017, 10:45 5578

Талдықорған қаласында туған еліміздіӊ 18 миллионыншы тұрғынына 3 бөлмелі пәтер беріледі

Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Қазақстан Республикасыныӊ 18 миллионыншы тұрғыны дүниеге келген Талдықорған қаласында тұратын Бестібаевтар отбасына арнайы барып құттықтап, жас отбасыға 3 бөлмелі пәтер берілетінін айтты

Талдықорған. 5 шілде. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Қазақстан Республикасыныӊ 18 миллионыншы тұрғыны дүниеге келген Талдықорған қаласында тұратын Бестібаевтар отбасына арнайы барып құттықтап, жас отбасыға 3 бөлмелі пәтер берілетінін айтты. Педагогтар отбасыныӊ екінші перзенті Мүслима Саматқызы 18 миллионыншы тұрғын атанып отыр, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Елбасыныӊ атынан нәрестеге арналған құрал-жабдықтар, атап айтқанда бесік, төсек, коляска, ойыншықтар секілді қажеттіліктерді сыйға тартқан облыс әкімі А. Баталов:

- Еліміздіӊ он сегіз миллионыншы тұрғыныныӊ Алматы облысыныӊ орталығы Талдықорған қаласында дүниеге келгені - бәріміз үшін ерекше қуанышты оқиға. Демографиялық өсімініӊ жылдан жылға ұлғайып келе жатқаныхалықтыӊЕлбасымыздыӊ салиқалы саясатына, Қазақстанныӊ болашағына деген сенімініӊ зор екенін білдіреді. Жас ұрпақтыӊ алаӊсыз өсіп, білім алуына елімізде барлық жағдай жасалып келеді. Елбасыныӊ атынан, Жетісу жұртшылығыныӊ атынан осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Кішкентай нәресте аман-сау өсіп, ер жетіп, елдіӊ абыройлы азаматы болсын! - дей келе, қалада күзге таяу пайдалануға берілетін жаӊа тұрғын үйден жас отбасына 3 бөлмелі пәтер берілетінін жеткізді.

Мүслиманыӊ атасы Еркінбек Бестібаев пен әжесі Бибітай Жасыбаева кішкентай нәрестеге, жас отбасына, жалпы өз әулеттеріне көрсетілген үлкен құрмет пен сый үшін Президентке, облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

- Мүслима - біздіӊ жетінші немереміз. Біз ұл-қыздарымыз бен немерелерімізді елге қызмет ететін, мемлекетіміздіӊ дамуына өз үлесін қосатын білікті азамат етіп тәрбиелеуге бар күш-жұмсайтын боламыз, - деді Бибітай апа.

Сәбидіӊ анасы Диана Омарханова 1991 жылы туған, қаладағы № 16 мектепте дефектолог маман болса, әкесі Бестібаев Самат 1982 жылы туған, № 5 мектепте дене шынықтыру пәнініӊ мұғалімі.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігініӊ Статистика жөніндегі комитетініӊ мәліметі бойынша, 2017 жылдыӊ 11 мамырында Қазақстан Республикасы халқыныӊ саны 18 млн адамға жетіп, есеп бойынша Талдықорған қаласында туған Мүслима Саматқызы 18 миллионыншы тұрғын атанды,- деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны