23.04.2010, 13:19 2868

Талдықорған қаласының бас сәулетшісі пара алғаны үшін ұсталды

Талдықорған қаласының бас сәулетшісі пара алғаны үшін ұсталды

Алматы. 23 сәуір. Kazakhstan Today - Талдықорған қаласының бас сәулетшісі пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Талдықорған қалалық сотының хабарлауынша, ҚР ҰҚК Алматы облыстық департаментінің қызметкерлері Талдықорған қаласының бас сәулетшісін жеке меншік клубтың иесінен 225 мың теңге алуға талпынып жатқан кезде қолға түсірді.

Қалалық сот 17 сәуірде оны қамауға алуға рұқсат берді, 20 сәуірде ұсталған жоғарғы инстанцияға бұлтартпау шарасын өзгерту жөнінде шағымданды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны