26.09.2006, 13:45 2971

Талдықорғанда бір жасөспірімнің көмегімен полиция кісі өлтіруге қатысты қылмыстың бетін ашты

ТАЛДЫҚОРҒАН. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today. Талдықорғанда 12 жастағы жасөспірім полицияға 19-қыркүйекте жасалған кісі өлтіруге қатысты қылмыстың бетін ашуға көмектесті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның ақпаратына сәйкес, қаладағы "Жастар" саябағында кісі қолынан қаза тапқан әйелдің денесі табылған болатын. Тұрғын үйлер массивін аралап шыққан тәртіп сақшылары оқиға куәгері - 5 сынып оқушысын анықтады. Мектептен қайтар жолда ол әйелді саябақтың ішіне қарай еркінен тыс сүйреп бара жатқан еркекті көрген. Оқушы күдіктінің ерекше белгілерін атап беру нәтижесінде ол қолға түсті. 27 жастағы сарқанд тұрғыны күдікті болып шықты.

Тергеу барысында күдікті қылмысты мойындады. Сондай-ақ, оқушы тұтқынды таныды.

Тергеуге көмек көрсеткені үшін тәртіп сақшылары оған велосипед сыйлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны