27.04.2015, 20:02 3647

Талдықорғанда оқушылар Ұлы Отан соғысы кезеӊіндегі далалық лагерге барып қайтты

ҚР ҚК ИҚК Искери әуе күштерініӊ әскери қызметшілері арнайы талдықорғандық оқушылар үшін далалық лагерь құрды. Жас өспірімдер Ұлы Отан соғысы кезеӊіндегі тарихи қарулар мен әскери техникалардыӊ нұсқаларымен танысты

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР ҚК ИҚК Искери әуе күштерініӊ әскери қызметшілері арнайы талдықорғандық оқушылар үшін далалық лагерь құрды. Жас өспірімдер Ұлы Отан соғысы кезеӊіндегі тарихи қарулар мен әскери техникалардыӊ нұсқаларымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шара барысында Талдықорған қаласыныӊ Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп оқушылары сахналанған концерттік бағдарлама әзірледі. Олар соғыс эпизодтары мен шайқастардан қойылым көрсетіп, әскери-патриоттық әндер шырқады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Оқушылардыӊ өнерін Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері, құрметті қонақтар тамашалап, оныӊ тәрбиелік мәніне және 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдық мерейтойы қарсаӊындағы маӊызын ерекше атап өтті.

Бұл орайда, қазақстандық өскелеӊ ұрпақтыӊ бейбітшілікті сақтау, оны қастерлеу үшін Ұлы Отан соғысыныӊ тарихын, жеӊістіӊ қандай жолмен келгенін ұдайы білуі маӊызды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны