25.04.2014, 19:05 7331

Талдықорғанда "ЖҚЖК-2020" аясында 10 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды

Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, "Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2014 жылдың бірінші тоқсанында 7967,5 млн. теңге қарастырылған.

Алматы. 25 сәуір. Kazakhstan today. "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша соңғы 3 жылда 10 мыңнан артық адам жұмыспен қамтылды.

Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, "Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2014 жылдың бірінші тоқсанында 7967,5 млн. теңге қарастырылған.

Облыс орталығы Талдықорған шаһарында да жобаның барлық бағыты баянды жүзеге асуда. Бірінші бағыт, инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамту аясында 3 жоба жоспарланып, 22 жұмыс орыны құрылған.

Ал екінші бағыт -кәсіпкерлікті дамыту аясында 52 үміткер шағын несие алып, өз істерін гүлдендіруде. Үшінші бағыт - кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру.

Бұл бағыт мүгедек жандарға да айтарлықтай септігін тигізуде. Талдықорған бойынша мүмкіндігі шектеулі 15 жан жұмысқа орналасса, кәсіби даярлау шеңберінде 18 жас медициналық колледжінде тегін білім алуда.

Айта кетейік, соңғы үш жылда облысымызда осындай мүмкіндікке ие болғандар саны 10 768-ді құрайды, ал олардың 83 пайызы жұмысқа орналастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны