13.07.2018, 17:57 4238

Талдықорғандықтар қала күнін жаӊарған орталық алаӊда қарсы алмақ

Бұдан соӊ облыс әкімі жаӊа драма театры мен солтүстік-батыс ауданда салынып жатқан 1200 орындық мектепте де болып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Театр ғимараты 1 қазанда пайдалануға дайын болатын болса, мектеп жаӊа оқу жылында есігін айқара ашпақ.

Талдықорған. 13 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов тиісті құрылымдар мамандарымен бірге Талдықорған қаласындағы құрылыс нысандарын аралады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Еӊ алдымен І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайыныӊ жөндеу жұмыстарымен танысқан облыс басшысына "Kazstroy A & G Company" ЖШС бас директоры Иділжан Тұрсынжанов құрылыс барысы туралы баяндады. Оныӊ айтуынша, Мәдениет үйініӊ жөндеу жұмыстары әзірге 50 %атқарылды. Құрылыс алаӊында 50 адам жұмыс істесе, ал цехтарда 20 адам материалдар даярлау ісімен айналысуда. Осы жерде ғимаратты безендіру мен көркемдеу барысында пайдаланылатын құрылыс материалдары мен салынатын ою-өрнек, кескін түрлері облыс басшысымен келісілді. Сонымен қатар жеті субұрқағы болатын орталық алаӊды қайта жаӊғыртып, маӊайын абаттандыру ісініӊ қарқынымен танысқан облыс әкімі А. Баталов арқар бейнелі субұрқақтыӊ негізгі мазмұны сақталып, тек безендірілуін өзгерту қажеттігін айтты. Жалпы өӊір басшысы талдықорғандықтар қала күнін Мәдениет үйі мен фонтандардыӊ құрылысын қоса алғанда жаӊа келбетке ие болған орталық алаӊда қарсы алуы тиіс екенін қатаӊ ескертті. Яғни аталған нысандар 20 қыркүйекте толық аяқталып, тапсырылуы тиіс. Осы арада қала әкімі Дастан Шалтабаев қаланы абаттандыру бойынша жаӊа шешімдерін ұсынып, жобаларын көрсетті.

Қаланыӊ оӊтүстік-батысында салынған жаӊа 1200 орындық мектептіӊ сыртқы сылағыныӊ тегіс еместігіне, кейбір құрылыс нормаларыныӊ сақталу талаптарына қатысты сын айтылды. Құрылыс материалдарын қолдану барасында жобадағы нұсқадан ауытқып кеткен тұстары да бар. Ауладағы көк өскін өсетін учаскеніӊ жері тегістелмеген және өсімдік өсіруге қолайлы қара топырақ қабаты төселмеген. Спорт залын, тамақтану блогын және басқа да бөліктерін аралап көрген А. Баталов аталған кемшіліктерге қатысты құрылысқа жауапты мемлекеттік органдар өкілдеріне бір аптаныӊ ішінде комиссиялы түрде ғимараттыӊ барлық дефектілерін анықтап алып келуді, соған сәйкес кемшіліктерді жоюға уақытты өзі белгілеп беретінін қадап айтты.

Сондай-ақ осы тұрғын ауданда 300 орындық музыка мектебі саланып жатқаны белгілі. Осы нысанда болған облыс әкімі А. Баталовқа құрылыс жұмыстарыныӊ барысымен мердігер мекеме "Стройсервис-97" ЖШС-ныӊ бас инженері Алтай Исаев таныстырды. Қазір мұнда 75 адам еӊбек етуде. Құрылыс көлемініӊ 3/4-і аяқталған. Ендігі жерде Чехиядан және басқа да шет елден әкелінетін пианино, рояль сияқты музыкалық аспаптар қабылдана бастап, құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары басталады. "Бұл өзініӊ концерт залымен, музыкалық мектепке тән барлық ерекшеліктері ескерілген заманауи өнер мектебі болуы тиіс. Сондықтан еӊ бірінші сапалы құрылысты талап етемін", - деді А. Баталов. Құрылысы толығымен 20 қыркүйекте аяқталады. Атап өтсек, бұл мектепке ақын Сараныӊ аты берілмек.

Бұдан соӊ облыс әкімі жаӊа драма театры мен солтүстік-батыс ауданда салынып жатқан 1200 орындық мектепте де болып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Театр ғимараты 1 қазанда пайдалануға дайын болатын болса, мектеп жаӊа оқу жылында есігін айқара ашпақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны