21.07.2014, 20:42 2921

Талғар ауданында сел салдарын жою жұмыстары жалғасуда - ТЖМ

Бүгінде сел шығарындасының салдарын ретке келтіруге 137 адам, 49 дана техника мен 3 тікұшақ жұмылдырылған.

Алматы. 21 шілде. Kazakhstan today. Алматы облысының Талғар ауданында сел шығарындысының салдарын ретке келтіру жұмыстары жалғасуда, - деп ТЖМ хабарлады.

ТЖМ тікұшақтары және жаяу сапта "Спутник" сауықтыру орталығының демалушылары көшірілді. Қазіргі таңда 119 бала демалу уақытының бітуіне орай үйлеріне қайтарылды. Ал, 93 демалушыны ТЖМ авиациясы лагерь аумағынан қауіпсіз жерге көшірді. Қазіргі таңда легерде 21 бала бар, олардың демалу уақыты ертең бітеді.

Бұдан басқа, ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ ұшағы "Спутник" сауықтыру орталығына 500 литр ЖЖМ жеткізді. ЖЖМ электрогенераторлардың үздіксіз жұмыс істеуіне арналған. Қауіпті аймақта құтқарушылар, дәрігерлер, АІІБ мен атқарушы органдардың өкілдері кезекшілік етуде.

Бүгінде сел шығарындасының салдарын ретке келтіруге 137 адам, 49 дана техника мен 3 тікұшақ жұмылдырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны