18.07.2014, 19:13 3989

Талғар өзенінің сағасынан төмен орналасқан ауылдар бөгеттің арқасында зардап шеккен жоқ - ТЖМ

2014 жылдың 18 шілдесіндегі сағат 08.00-дегі жағдай бойынша ҚР ТЖМ жедел тобы Алматы облысы Талғар ауданындағы сел тасқынының зардаптарын жою бойынша жүргізілген үйлестіру жұмыстары мен жағдайды бағалау мақсатында екінші қайтара ұшты.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. 2014 жылдың 18 шілдесіндегі сағат 08.00-дегі жағдай бойынша ҚР ТЖМ жедел тобы Алматы облысы Талғар ауданындағы сел тасқынының зардаптарын жою бойынша жүргізілген үйлестіру жұмыстары мен жағдайды бағалау мақсатында екінші қайтара ұшты.

Орман шаруашылығындағы 3 үй, "Спутник" лагеріне апаратын автожолдар учаскелері, өзен арнасына жақын орналасқан дәмхананың 2 жазғы терассасы, жұмыс істемейтін лагерьдің жеке құрылысы су астында қалғаны, сондай-ақ "Алматы-Қорғас" жолындағы автомобиль көпірін сел шайып жатқаны анықталды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ-ның 6 техникасы автожолдарды тазалау бойынша жұмыс жүргізуде. Өтімділігі жоғары 4 автомашинамен патрульдеу жұмысы жүргізілуде. "Талғар" диспетчерлік пунктінде инженерлік-техникалық қызметкерлер кезекшілік ұйымдастырды. "Қазселденқорғау" Алматы бөлімшелерінің барлық бекеттері кезекшіліктің күшейтілген режиміне көшірілді.

Талғар өзенінде шайылған уақытша бөгетті қалпына келтіру және Қапшағай су қоймасында Қашқан-Талғар өзені бойындағы су ағынын бұру жұмысы басталды. 3 экскаватор, 5 самосвал, 1 бульдозер, 1 фронтальды жүктиегіш жұмылдырылды.

Арнайы техниканың кезекшілігі орнатылды. Талғар өзенінің арнасын бойлай патрульдеу жұмысы ұйымдастырылды, көпірлерді кесіп өтетін жерлерде бекеттер қойылды.

ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ-нің 15 арнайы техникасы және 40 адамнан тұратын авариялық бригадасы жұмылдырылды.

№150 мұздағының астындағы мұздық көлдерінің ахуалын бақылау үшін "Қазселденқорғау" ММ барлаушы тобы су ағызу жұмысын жүргізді.

"Қазіргі сәтте Талғар бөгенінің су құйылатын бөлігіне транзитпен келіп түскен судың шығысы секундына 20,6 текше метрді құрады. Барлық 300 мың текше метр сел аталмыш гидротехникалық құрылыстың сел қоймасына тоғытылды, ол 8 млн. текше метрге дейін сел ағынын бұғаттауға мүмкіндік береді. Аталмыш бөгеннің арқасында сел Талғар өзенінің арнасынан төмен орналасқан елді мекендерге залалын келтірген жоқ", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны