08.11.2017, 18:15 5970

Тараз қаласында "Ancient Taraz - 2017" Халықаралық туристік форумы мен халықаралық көрме өтеді

2017 жылдыӊ 11-13 қарашасында Тараз қаласында "Ancient Taraz - 2017" Халықаралық туристік форумы мен халықаралық көрме өтеді.

Тараз. 8 қараша. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 11-13 қарашасында Тараз қаласында "Ancient Taraz - 2017" Халықаралық туристік форумы мен халықаралық көрме өтеді.

Іс-шараны ұйымдастырып отырған Жамбыл облысы Икімдігініӊ кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму Басқармасыныӊ "Тараз-Туризм" туристік ақпараттық орталығы" КММ.

Халықаралық форум Еуропа, Қытай, Түркия, Солтүстік Кипр, Изірбайжан, Ресей, Орталық Азия елдерініӊ іскерлік топтарыныӊ 350 астам өкілдерініӊ, сондай-ақ, жетекші сарапшылардыӊ, мемлекеттік органдар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ, Тараз қ. Икімдігініӊ, туризмніӊ аймақтық басқармасыныӊ, ҚР Кәсіпкерлерініӊ ұлттық палатасыныӊ, қазақстандық және халықаралық туристік қауымдастықтардыӊ өкілдерініӊ, туристік және қонақүйлік нарық қатысушыларыныӊ, ЖОО, колледждер және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерініӊ басын қоспақ.

Форумныӊ пікірталас алаӊы қатысушыларға туризм саласындағы аймақаралық және халықаралық байланыстарды дамыту және нығайту, түрлі мақсатты аудиторияларға "ANCIENT TARAZ" туристік сауда белгісін жылжыту, бәсекеге қабілетті аймақтық туристік өнімді қалыптастыру, туристік қызмет сапасын арттырудыӊ негізгі мәселелерін ортаға салуға мүмкіндік береді.

"ANCIENT TARAZ - 2017" Халықаралық туристік форумы мен халықаралық көрме қарсаӊында қала билігі Жамбыл облысыныӊ туристік мүмкіндіктерін әйгілеу мақсатында қытай және отандық туроператорларға арналған ақпараттық-таныстырымдық саяхаттар өткізеді.

Форум аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ қолдауымен "Қазақстанныӊ Ұлы Жібек жолы бойымен саяхат" Халықаралық Фестивалі, сондай-ақ, Жамбыл облысыныӊ Икімдігініӊ к?сіпкерлік ж?не индустриялық-инновациялық даму Басқармасыныӊ қолдауымен "TARAZ FASHION DAY" Іс-шарасы өтетін болады.

Форумныӊ іскерлік бағдарламасы оқиғаға толы, әрі өте қызықты болғалы тұр. "Рухани жаӊғыру" жалпыұлттық бағдарлама аясында Жамбыл облысыныӊ туристік әлеуетін дамытуға бағытталған жобалар Форумныӊ бірінші сессиясында таныстырылады.

Қазақстан мен Жамбыл облысыныӊ мәдени және табиғи мұрасыныӊ әлеуеті туралы, әсіресе, тұрақты туризмді дамыту мүмкіндіктері турасында "Қазақстан туристік дестинация ретінде" арнайы сессиясында отандық және халықаралық сарапшылар ой қозғайды. Сарапшылардыӊ пікірінше, экотуризмніӊ дамуы Жамбыл облысыныӊ негізгі туристік өнімдерініӊ бірі болып табылады. Сессия шеӊберінде осындай инвестициялық жобалардыӊ бірі - "Қазақ ауылы "Көксай" жобасыныӊ таныстырылымы өтеді.

Форумныӊ басты тақырыптарыныӊ бірі Жамбыл облысына кіру және ішкі туризмді дамыту мәселелерін қамтиды. Турөнімдер маркетингі және оларды ішкі және халықаралық нарықтарға өткізу мәселелерін отандық және шетелдік туроператорлар талқыға салады.

Изірбайжан және Өзбекстаннан келген сарапшылар "Ұлы Жібек жолы" бойынша туризм аясындағы трансшекаралық ынтымақтастыққа қатысты өз пікірлерімен бөліседі.

Форумныӊ қорытынды кезеӊінде ұйымдастырушылар "Тараз-Туризм" туристік ақпараттық орталығы" КММ-ніӊ Қазақстандық туристік қауымдастықпен, Украиндық Белсенді және Экологиялық туризм Қауымдастығымен, және де Изербайжандық туристік қауымдастықпен арадағы бірқатар меморандумдарға қол қойылады деп жоспарлап отыр.

Осы уақиғалармен қатар "ANCIENT TARAZ - 2017" Халықаралық туристік форумы түрлі форматтағы іс-шаралармен толығады. Соныӊ ішінде тақырыптық отырыстар, қазақстандық және қытайлық туроператорлардыӊ В2В кездесулері, Тараз қаласы қонақүй нарығын дамыту, экологиялық туризм стандарттары, турөнімдер мен сатылым технологияларын қалыптастыру, кадр даярлау және көптеген басқа да мәселелер тақырыбына қатысты шеберлік сабақтары мен таныстырылымдар өтпек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны