06.01.2014, 21:52 3086

Тараз қаласындағы ірі супермаркеттерінің бірінде өрескел қарақшылық шабуылдың алды алынды

Тонау мақсатында пышақпен қаруланған бетперде киген 4 адам дүкен ғимаратына баса кіріп, аталған супермаркет күзетшілерінің бірін ауыр жарақаттады.

Алматы. 6 қаңтар. Kazakhstan today. Ағымдағы жылғы 31 желтоқсанда сағат 21.00 шамасында Қаржы полициясы департаменті ғимаратының жанында орналасқан Тараз қаласы супермаркеттерінің бірінде өрескел қарақшылық шабуыл орын алды, деп хабарлайды Kazakhstan today қаржы полициясына сілтеме жасап.

Тонау мақсатында пышақпен қаруланған бетперде киген 4 адам дүкен ғимаратына баса кіріп, аталған супермаркет күзетшілерінің бірін ауыр жарақаттады.

Жаңа жылдық мерекесі қарсаңында дүкенде көптеген сатып алушылар, оның ішінде қаржы полициясы офицерлері де болған.

Қаржы полициясының қызметкерлері күш қолданып супермаркеттің күзетшілерімен бірлесе отырып 3 тонаушыны құрықтады.

Бұдан соң олар қаскүнемдерді оқиға орын алған жерге жеткен ішкі істер органдардарының жедел тобына тапсырды.

Осылай, Жамбыл облысының қаржы полициясы қызметкерлері іс-әрекеттерінің тапқырлығы мен жеделдігінің арқасында қаланың ірі супермаркеттерінің бірін тонаудың, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің алдын алды.

Қазіргі уақытта аталған 3 тұлғаға қатысты Ішкі істер департаментінің қызметкерлері ҚР ҚК 179-б. 2-б. (қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғап, "қамауға алу" бұлтартпау шарасы қолданылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны