10.02.2014, 19:19 10673

Тараз шекара отрядының шекарашылары заңсыз жолмен шекарадан 22 жылқы өткізбек болған барымташылардың жолын кесті

"Жасөркен" застава шекарашылары заңсыз жолмен жылқы айдап келе жатқан 2 адамды ұстады, оның бірі Қырғыз елінің азаматы болса, екіншісі өзіміздің отандасымыз болып шықты. Ұсталғандар 14 бас жылқыны көрші мемлекеттен біздің елге өткізбек болған.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan today. Өткен демалыс күндері Тараз шекара отрядының шекарашылары заңсыз жолмен шекарадан барлығы 22 бас жылқыны өткізбек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жасөркен" застава шекарашылары заңсыз жолмен жылқы айдап келе жатқан 2 адамды ұстады, оның бірі Қырғыз елінің азаматы болса, екіншісі өзіміздің отандасымыз болып шықты. Ұсталғандар 14 бас жылқыны көрші мемлекеттен біздің елге өткізбек болған.

Бұдан бір күн кейін "Шөлдала" шекара заставасының шекарашылары шекараның бұзылғандығын және ондағы белгісіз іздерді анықтаған болатын. Іздестіру шараларын ұйымдастыру нәтижесінде әлгі іздер "Бектөбе" елдімекеніндегі бір үйге алып келді. Үй иесі заңсыз өткен жылқыларды "КАМАЗ" жүк көлігіне тиеп жатқан кезде қолға түсті. Ал 8 бас жылқы застваға қамалды, оларды ҚР ҚК 209-бабының 1 тармағына сәйкес Жамбыл аудандық прокуратурасына беру көзделіп отыр.

Аталған деректер бойынша Жамбыл облыстық құқық қорғау органдары мен Оңтүстік аумақтық әскери прокуратурасы хабарландырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны