14.11.2011, 14:25 5046

Таразда 12-қарашада қайтыс болған полицейлермен қоштасу рәсімі өтті

Таразда дүйсенбі күні 12 қарашада қаза болғандармен қоштасуда. Үш полицеймен қоштасу рәсімі ішкі істер департаментіне тиесілі "Динамо" спорт кешенінде өткен.

Тараз. 14-қараша. Kazakhstan Today - Таразда 12-қарашада қайтыс болған полицейлермен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Таразда дүйсенбі күні 12 қарашада қаза болғандармен қоштасуда. Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, үш полицеймен қоштасу рәсімі ішкі істер департаментіне тиесілі "Динамо" спорт кешенінде өткен.

Қаза болған Жамбыл облыстық ІІД қызметкерлерінің арасында - ІІД жол полициясының жеке бөлімшесінің (ЖПЖБ) 1-ші взвод командирі, полиция капитаны Ғазиз Байтасов, Жамбыл облыстық арнайы күзет қызметі басқармасының (АКҚБ) жедел әрекет взводының полиция сержанты Полат Аянқұлов пен АКҚБ ББ полицей-жүргізушісі полиция аға сержанты Жақсыбек Байсейтов бар.

Полиция капитаны Ғ. Байтасовтың жанкешті әрекетінің арқасында қауіпті қылмыскерді ұстау мүмкін болды. Жол полициясының жеке батальонының 1-ші взводының командирі қылмыскерді жарақаттап, оны ұстауға әрекет кезінде қылмыскермен бірге жарылыстан қаза болды.

Полиция капитаны Ғ. Байтасов жолдар мен қоғамдағы тәртіпті сатауға 20 жыл өмірін берді. Ол өз қызметі барысында бірнеше буын жол полициясы қызметкерлерін баптап өсірді. Қызмет кезінде өзін сауатты, адал, принципшіл және кәсіби қызметкер ретінде таныта біліп, сол үшін бірнеше рет басшылықтан алғыс алды. 40 жасар полицейдің артында әйелі мен үш баласы қалды.

Ғ. Байтасовты жасаған ерлігі үшін ІІМ басшылығы мемлекеттік наградаға ұсынды.

Полиция аға сержанты құқық қорғау органдарында 6 жыл қызметте болып, қызмет кезінде өзін адал, атқарушы қызметкер ретінде танытып, сол үшін бірнеше рет мадақталған. Оның артында екі баласы қалды.

Полиция сержанты Ж. Байсейтов құқық қорғау органдарында 2 жыл қызметте болып, қызмет кезінде өзін адал, сауатты және атқарушы қызметкер ретінде танытып, сол үшін бірнеше рет мадақталған. Оның артында қызы мен әйелі қалды.

Еске салсақ, сенбі күні Таразда қылмыскерді залалсыздандыру кезінде 7 адам қаза болды. Оның ішінде 5 полиция қызметкері бар.

Бұрын хабарланғандай, сенбі күні таңертең, бас прокуратураның мәліметтерінше жихадшыларды қолдайтын 34 жасар Мақсат Қариев Таразда бірқатар ауыр қылмыс жасады.

Атап айтқанда, ол оны сыртынан бақылап жүрген Жамбыл облысының екі ҰҚК қызметкерін өлтіріп, сағат 11-лер шамасында жергілікті тұрғынның Mazda-626 автокөлігін тартып алып, 11:35-те сатушы мен дүкендегі кездейсоқ адамды өлтіріп, қару-жарақ дүкенін тонап, 2 жартылай автоматты "Сайга" және "CZ" винтовкаларын оқтарымен алып кетті.

Одан соң қылмыскер тағы бір ВАЗ-21099 автокөлігін тартып алып, оны қуып келе жетқан арнайы күзет қызметінің екі қызметкері - полиция сержанты П. Аямқұлов пен Ж. Байсейтовты атып өлтіріп, олардың табелдік қарулары - Калашников автоматы мен Макаров тапаншасын алған.

Одан басқа, ол РПГ-26 гранататқышпен және автоматпен облыстық ҰҚКД ғимаратын атқылап, оқиға орнынан жасырыну барысында 12:45-тер шамасын екі атты полицейді жарақаттаған.

Ол өзі жаратын 13- сағаттар шамасында ІІД жол полициясының жеке батальон взводының командирі полиция капитаны Г. Байтасов қаза болды.

Қылмыскермен атыс кезінде жарақат алғандар арасында полиця сержанты С. Алашев та бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны