22.10.2009, 15:40 3344

Таразда "Дабыл-2009" республикалық толық ауқымды жедел-тактикалық оқу-жаттығулары барысында әуе көлігіндегі лаңкестік оқиғалардың жолын кесу жолдары пысықталды

Таразда "Дабыл-2009" республикалық толық ауқымды жедел-тактикалық оқу-жаттығулары барысында әуе көлігіндегі лаңкестік оқиғалардың жолын кесу жолдары пысықталды

Алматы. 22 қазан. Kazakhstan Today - Таразда "Дабыл-2009" республикалық толық ауқымды жедел-тактикалық оқу-жаттығулары барысында әуе көлігіндегі лаңкестік оқиғалардың жолын кесу жолдары пысықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 20-22 қазанда ҰҚК Террорға қарсы орталығының қамқорлығымен Тараз қаласындағы "Иулие-Ата" халықаралық әуежайының базасында әуе көлігі объектісінде террорлық әрекеттерді оқшаулау және олардың жолын кесу бойынша "Дабыл-2009" республикалық толық ауқымды жедел-тактикалық оқу-жаттығуы болып өтті.

Оқу-жаттығуға Республикалық және Жамбыл облыстық, Алматы және Астана қалалық террорға қарсы операцияларды өткізу жөніндегі жедел штабтардың құрамына кіретін 10 мемлекеттік орган және олардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Оқу-жаттығуға қатысушылар Ұлттық қауіпсіздік комитеті, президенттің күзет қызметі, қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар жөніндегі, көлік және коммуникация министрліктерінің, сондай-ақ басқа да мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының штабтық шешімдерді қабылдау және әуе көлігі объектісінде террористік актілер салдарының жолын кесу және оқшаулау бойынша күштері мен құралдарының өзара әрекеттестігін ұйымдастыру алгоритмдерін пысықтады.

"Дабыл-2009" оқу-жаттығуының бірінші кезеңінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс күштері Иуе қорғанысы күштерінің жойғыштары "террористер" басып алған әуе кемесін күштеп қондыру міндетін табысты шешті. Екінші кезеңде іс-қимылға жедел штабтар кірісті, кейін ҰҚК, ІІМ және президенттің күзет қызметі арнайы бөлімшелерінің "басып алынған" ұшақта ұсталып отырған кепілдерді босату бойынша бірлескен арнайы операциясы өткізілді.

"Дабыл-2009" оқу-жаттығуларын қорытындылай келе ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары - террорға қарсы орталығының басшысы генерал-лейтенант Иділ Шаяхметов оған тартылған барлық күштер мен құралдардың практикалық өзара әрекеттестігінің дағдаларына және кәсіби дайындықтарына оң баға берді.

ҰҚК Террорға қатысты орталығы қауіпсіздік қатерлері төнген жағдайда мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарының практикалық өзара әрекеттестік алгоритмдерін ұдайы негізде пысықтап отырады.

"Дабыл-2009" республикалық толық ауқымды жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізу осы жұмыстағы кезекті аяқ алыс болды, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны