13.02.2008, 17:53 2859

Таразда қару-жарақ дүкенінің жұмысшысы Калашников автоматымен ұсталды

Таразда қару-жарақ дүкенінің жұмысшысы Калашников автоматымен ұсталды

Тараз. 13-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Таразда қару-жарақ дүкенінің жұмысшысы Калашников автоматымен ұсталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Жамбыл облысының Ішкі істер департаментінен хабарлады. "Полицейлер түнгі күзет кезінде Тараздың шыға берісінде қызыл "Ауди" көлігіне тексеру жүргізген. Олар оның артқы орындығынан ақ матаға оралған, модификацияланған Калашников автоматын тапқан. Автомат оқпанында сериялық нөмірі бар",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Көліктегі жолаушылардың бірі саятшылық дүкенінің жұмысшысы екендігі белгілі болды. Ол полицейлерге автоматтың өзіне тиесілі екендігін хабарлаған. Сонымен қатар, оны тінту кезінде одан рұқсат етілген құжаттарымен бірге "Кобра-МЕ-38" револьвері табылған. Көлік жүргізушісі мен автоматтың иесі тұтқындалып, заңсыз қару сақтау және тасымалдау дерегі бойныша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ сараптама тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны