12.06.2007, 12:19 1319

Таразда Қазақстаннан 6 келіден астам алтыннан жасалған әшекейлік бұйымдарды алып өтуге әрекет жасаған екі Өзбекстан азаматы ұсталды

АСТАНА. 12-маусым. Kazakhstan Today. Шекарашылар Қазақстаннан 6 келіден астам алтыннан жасалған әшекейлік бұйымдарды алып өтуге әрекет жасаған екі Өзбекстан азаматын ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жеке шекаралық комендатураның "Тараз-авиа" өткізу бекетінде Өзбекстандық екі әйелдің Қазақстаннан ірі көлемде алтыннан жасалған әшекейлік бұйымдардың партиясын контрабандалық жолмен алып өтуге жасаған әрекетіне тосқауыл қойылды.

"Ұшаққа рәсімдеу барысында шекарашылар әйелдерден жалпы салмағы 6 килограмм 166 грамм болатын жасырылған алтын бұйымдарды тауып тәркіледі". Шекарашылардың айтуынша, ұсталғандар мен контрабандалық жүк Жамбыл облыстық кеден комитеті департаментіне табысталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны