06.05.2008, 10:18 1710

Таразда кісі өліміне күдікті ретінде іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі тұтқындалды

Таразда кісі өліміне күдікті ретінде іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі тұтқындалды

Тараз. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Тараз қаласында 4 мамырда кісі өліміне күдікті ретінде іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі Серәлі Ботпаев тұтқындалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Жамбыл облысының ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Гуманитарлық-техникалық колледждің студентін өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген 18 жастағы С. Ботбаев өз туысқандарының үйінде қамауға алынған.

"Жастар арасында нағыз бұзақы және бопсалаушы ретінде танымал болған С. Ботбаев бұрын Мойынқұм ауданының Қызылту ауылында тұрған. 2007 жылдың 16 қазанында ол достарымен бірге Гуманитарлық-техникалық колледжге бас сұққан. Сол жерде студенттерді төбелеске арандатқан. Төбелес барысында күдікті пышақ суырып шығып, Иділет Ниязәлиевтің жүрегінен қадаған. Ол бірнеше сағат өткеннен кейін ауруханада жан тапсырған-ды", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.

"Елдің барлық ІІД-не телеграмма мен суреттері бар нұсқаулықтар жіберілді. Алайда, күдікті қылмыс жасағаннан кейін елдің әртүрлі өңірлерінде жасырынып жүрді", - деді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Роза Қалдыбекова.

Оның айтуынша, Жамбыл облысының ІІД басығы генерал-майор Мейірхан Жаманбаевтың бұйрығымен ең таңдаулы деген тәжірибелі мамандардан арнайы іздеу тобы құрылған. Полиция қызметкерлері қашқынды табу үшін Алматы мен Астанаға сапар шеккен.

С. Ботбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары таңылып отыр: кісі өлтіру, бұзақылық, ауыр дене жарақаттарын әдейі салу. Ол сондай-ақ, басқа да бірқатар қылмыстар жасады деген күдік бар.

Бұл соңғы күндері өткен жылдардың қылмыскерлерін іздестірген Жамбыл облысындағы екінші оқиға болып табылады. Бұрын хабарлағанымыздай, Жамбыл облысының Қаратау қаласында арнайы шара барысында сәуірдің 28-інен 29-ына қараған түні ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі Ғани Көшенов тұтқындалған болатын. Ол жеті жыл бұрын жасалған кісі өліміне күдікті болып отыр.

Жыл басынан бері Жамбыл облысында іздеуде жүрген барлық 207 қылмыскердің 105 табылған. Оның ішіндегі 15-і өткен жылдарда жасаған қылмыстары үшін қамауға алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны