29.07.2008, 17:29 3464

Таразда "несиелік" алаяқтық жасаған әйел қамауға алынды

Таразда "несиелік" алаяқтық жасаған әйел қамауға алынды

Тараз. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Таразда несие рәсімдеуге делдалдық көмек көрсетуді ұсынған әйел алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Полицияқызметкерлерінің пайымдауынша, әйел адам қалалықтарға "Метрокомбанк" АҚ несие ұсынған. Алайда, әйел ол жерде жұмыс істемеген. Ол өзін Оля деп таныстырып, делдалдық қызмет көрсеткені үшін ірі көлемдегі ақша алып отырған. Содан кейін алданған адамдар банкке келіп, несие берілуін талап еткен.

Қазіргі уақытта қамауға алынған әйел өзі жалғыз 11 жастағы қызын асырап отыруы себепті ешқайда кетпеу жөнінде қолхат беріп қамаудан шығарылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны