21.05.2012, 13:07 2758

Таразда такси жүргізушілеріне шабуыл жасаған қарулы топ құрықталды

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, мамырдың тоғызына қараған түні оңтүстік астанада үш бірдей такси жүргізушісі қарулы шабуылдан зардап шеккен. Сол түні пышақталған жүргізушілердің бірі әлі күнге ауруханада жатқан көрінеді.

Астана. 21-мамыр. Kazakhstan Today - Таразда такси жүргізушілеріне шабуыл жасаған қарулы топ құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, мамырдың тоғызына қараған түні оңтүстік астанада үш бірдей такси жүргізушісі қарулы шабуылдан зардап шеккен. Сол түні пышақталған жүргізушілердің бірі әлі күнге ауруханада жатқан көрінеді.

Полицейлер қарақшыларды дәл сол кезде қолға түсіре алмаған болатын.

Кейінірек такси жүргізушілерін тонауды Жамбыл облысының Қаратау қаласында тұратын екі жас жігіттің ұйымдастырғаны белгілі болды. Олар қылмыс жасалған күні түнде Таразға "тайып тұрған". Жігіттер ол жақта да тыныш жүрмей, осындай қылмыспен шұғылданыпты.

Олар осыдан бірнеше күн бұрын қолға түскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны