24.03.2011, 17:27 3936

Тараздағы перзентханалардың бірінде бала сатумен айналысқан күдікті ұсталды

Тараздағы перзентханалардың бірінде бала сатумен айналысқан күдікті ұсталды. Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 24 - наурыз. Kazakhstan Today - Тараздағы перзентханалардың бірінде бала сатумен айналысқан күдікті ұсталды. Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, Таразда жаңа туылған сәбиді сатты деген айыппен перзентхана директоры мен дәрігері тұтқындалған.

"Жамбыл облыстық қылмыстық полициясына перзентханалардың бірінде бала саудасы жүзеге асырылып жатқаны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Полицейлердің іске ұзақ уақыт дайындалуының нәтижесінде жаңа туылған сәбилерді сату арнасының жолы кесілді", - деді Қ.Жұманов.

Оның ақпараттарына сүйенсек, Тараздағы перзентхана ғимаратының жанында жаңа туылған сәбиге 6 мың АҚШ долларын алып жатқан жерінен директор мен осы мекеменің дәрігер-педиатры құрықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны