04.01.2008, 16:43 14838

Тараздағы СИ-13 бұрынғы екі қызметкері кешікпей сот алдында жауап береді

Тараздағы СИ-13 бұрынғы екі қызметкері кешікпей сот алдында жауап береді

Тараз. 4-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Тараздағы СИ-13 бұрынғы екі қызметкері кешікпей сот алдында жауап береді. Оларға "Қырықбаевтар" ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілерінің бірі Ерғали Қырықбаевтың изолятордан қашуына қатысы бар деген айып тағылауда. Бүгінде қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілген. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Жамбыл облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінен хабарлады.

Жамбыл облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ақпараттарына сүйенсек, Ерғали Қырықбаев абақтыдан бірінші рет 2-қазанда қашқан болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жүргізген тергеуі, оған қашуға бақылаушы Русланбек Нұрфазыловтың көмектескендігін анықтаған болатын. Сондай-ақ, сол күні сотталушының қашып кеткендігі туралы тергеу изоляторының кезекшісінің міндетін атқарушы Жандос Аманжоловтың білгендігі белгілі болған. Ол ұялы телефон арқылы қашқынмен сөйлесіп, оны қайтып келуге көндірген. Осыдан кейін Ерғали Қырықбаевты камераға қайта қамаған, бірақ болған оқиға туралы басшылыққа хабарламаған. Русланбек Нұрфазылов пен Жандос Аманжоловтың үстінен өкілеттілігін асыра пайдаланғандықтары үшін қылмыстық іс қозғалған.

Сонымен қатар, СИ-13 бастығының міндетін атқарушы Е. Байтишевтің үстінен қозғалған қылмыстық іс тергеу сатысында, ол да өкілеттілігін асыра пайдаланды деп айыпталуда. Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері, Е. Байтишев Е. Қырықбаевтің жеке қашуынан кейін Марат Ибдуәли, Ерғали және Қайрат Қырықбаевтардың екінші рет топтасып қашуына дейін олардың кездесуіне заңсыз рұқсат бергендігін анықтады.

Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша, әділет министрінің бұйрығымен арнайы мекеменің жұмысына нашар бақылау қойғаны үшін Жамбыл облысының қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасының бастығы М. Мұсаев, оның орынбасары Д. Тушаев, СИ-13 тергеу изоляторы бастығының міндетін атқарушы А. Жұрабаев пен оның орынбасары М. Ибереков қызметтерінен босатылды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 28 нен 29 желтоқсанға қараған түні ( сағат 1.00 мен 2.00 аралығында) жамбылдық тергеу изоляторынан абақты қызметкерлеріне пара беру арқылы ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айрылған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Марат Ибдуәли, Ерғали Қырықбаев, Қайрат Қырықбаев қашып кеткен болатын. Ерғали Қырықбаев осымен соңғы үш ай ішінде екінші рет қашып отыр.

Е. Қырықбаев пен Қ. Қырықбаев "Қырықбаевтар" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ретінде 1993 жылдың ақпан айынан бері Жамбыл облысының Ішкі істер департаментінің шұғыл есебінде тұр. Ағайынды Қырықбаевтарды Жамбыл облыстық соты Тараз қаласында 2001 жылдың 2-мамырында "Ариран" кафесінде Т. Артықбаевті өлтіргендіктері үшін 2007 жылдың 14-қыркүйегінде 18 жылға бас бостандықтарынан айырған болатын.

Қашып кеткен ағайынды Қырықбаевтарды іздеуге қатысты жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында оларды өз еріктерімен қайтып келуіне қатысты іс-шаралар жүргізілген болатын. Жамбыл полициясының бастығы Мейірхан Жаманбаев қашқындардың отбасыларымен, жақындарымен және туыс-туғандарымен өзі келіссөздер жүргізген болатын. Шұғыл мәліметтерге сүйенсек, Ерғали қашу барысында жарақаттарынып, жүре алмай қалған. Осы себеппен ол полиция қызметкерлеріне бесінші тәулікте өз еркімен берілуге мәжбүр болды. 2008 жылдың 2 қаңтарына қараған түні Ерғали Қырықбаевтың туыстары оны СИ-13 тапсырды.

Бүгінде Қырықбаевтың інісі іздестірілуде. Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және прокуратура қызметкерлерімен бірлесе отырып, қылмыскерді іздестірудің арнайы жоспарын жасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны