28.09.2006, 14:18 3084

Тәртіп сақшылары Алматыда "Хизб-ут -Тахрир" экстремистік ұйымының мүшесін ұстады

АСТАНА. 28-қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматыда қылмыстық полиция қызметкерлері елімізде қызмет жүргізуіне тыйым салынған "Хизб-ут -Тахрир" экстремистік ұйымының белсенді мүшесін ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ қылмыстық полициясы комитетінен хабарлады.

Полицияның ақпаратына сәйкес, "Роял Петрол" жанармай тарату бекетінің аумағында үнпарақтар таратып жүрген ер адам ұсталды. Ол биылғы жылы осындай қылмысы үшін екі мәрте ұсталған болатын. Еркектен 280 үнпарақ тәркіленді. Үнпарақтардың экстремистік мазмұнын айқындау үшін теологиялық сараптама белгіленді.

Илеуметтік, ұлттық, руаралық, нәсілдік немесе діни араздық туғызғаны үшін, сондай-ақ, заңсыз қоғамдық бірлестіктердің іс-қызметіне қатысқаны үшін жауапкершілік қарастырылатын қылмыс белгілеріне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны