07.04.2008, 15:01 3178

Тәртіп сақшылары бес жылдан бері "Арселор Миттал Стил" компаниясынан металл тонаумен шұғылданып келген қылмыстық топты залалсыздандырды

Тәртіп сақшылары бес жылдан бері "Арселор Миттал Стил" компаниясынан металл тонаумен шұғылданып келген қылмыстық топты залалсыздандырды

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның криминалдық полициясының қызметкерлері бес жылдан бері "Арселор Миттал Стил" компаниясынан металл өнімдерін тонаумен шұғылданып келген "Соляник" атты қылмыстық топты залалсыздандырды. Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полициясы комитетінің төрағасы Сұлтан Күсетов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жуырда "Арселор Миттал Стил" компаниясынан бес жылдан бері нақты белгіленген схема бойынша металл өнімдерін тонаумен шұғылданып келген "Соляник" атты ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды", - деді С. Күсетов.

Оның айтуынша, "қылмыстық топтың кең ауқымды қылмыстық және сыбайлас жемқорлық байланыстары, соның ішінде құқық қорғау органдарында да байланыстары болған".

"Сол себепті де топ ұзақ уақыт бойы алдырмай келді", - деп атап өтті ол.

Өзінің жазадан жалтарып кететініне кәміл сенген топ өзінің ықпалы аясын кеңейтуге ниеттенген. "Бәсекелес ұйымдасқан қылмыстық топтармен арадағы келіспеушілік барысында оларға қысым көрсету үшін "Соляник" тобының жетекшісі өзінің екі белсенді сыбайласымен бірге қару қолдана отырып, қарақшылық шабуыл жасады", - деді С. Күсетов.

"Тәртіп сақшылары оларды ұстауға әрекет жасауының нәтижесінде қазір олар тұтқындалды, олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде", - деді ол.

Жалпы алғанда криминалдық полиция қызметкерлері бірінші тоқсанда металл өнімдерін ұрлауға қатысты 17 қылмысты анықтады, олар бойынша қазір қылмыстық іс қозғалып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны