29.09.2006, 15:53 3112

Тәртіп сақшылары Екібастұзда жеңгетайлық жасады деген күдікпен бір әйелді ұстады

ПАВЛОДАР. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today. Тәртіп сақшылары Екібастұзда жеңгетайлық жасады деген күдікпен бір әйелді ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның ақпаратына сәйкес, 35 жастағы күдікті бір қызды 4 мың теңгеге тән қызметін көрсету үшін жеткізіп берген кезде қолға түсті. "Тұтқын ресми түрде жұмыссыз деп есептеледі. Ал тіршілік етуге қажетті ақшаны жеңгетайлық жолымен тауып келген",- деп хабарлайды полиция. Жеңгетайдың үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, департамент басшысының нұсқауымен 20-қыркүйектен бастап Екібастұзда "жезөкшелікпен шұғылдану үшін жынойнақ орындарын ұстауға және жеңгетайлыққа тосқауыл қою, қаладағы оперативтік ахуалды сауықтыру, тән сату саласындағы қылмыстың бетін ашу мен олардың алдын алу мақсатымен" "Жеңгетай-2006" атты шұғыл шара өткізілуде.

Қалада ол үшін мобильді топтар құрылды. "Ийелдерді жезөкшелікке итермелеп жүргендерді және жынойнақ орындарын ұстаушыларды анықтау үшін біздің қызметкерлер тұрақты рейдтер өткізіп тұрады",- дейді ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны