10.06.2009, 13:28 1330

Тәртіп сақшылары кеше Ақмола облысының Ақкөл қаласында жоғалып кеткен сегіз жасар қызды іздестіру үстінде

Тәртіп сақшылары кеше Ақмола облысының Ақкөл қаласында жоғалып кеткен сегіз жасар қызды іздестіру үстінде

Көкшетау. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Тәртіп сақшылары кеше Ақмола облысының Ақкөл қаласында 9 маусымда сағат 20.00 кезінде жоғалып кеткен сегіз жасар Валя Ковалева есімді қызды іздестіруде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Ақмола облыстық ІІД жедел басқару орталығының бастығы полковник Серік Иміреновке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, "9 маусымда қыз бала үйге таяу жерде велосипед мініп жүрген. Бірпақ ол үйге оралмады. Оны іздестіру жұмыстарымен сағат 20.00-ден бері әжесі айналысқан, бірақ ол өзі асырап отырған немересін таба алмаған. Сағат 23.45-те баланың жоғалғаны туралы Ақкөл аудандық бөліміне хабарланды".

Бір жорамал бойынша қызды Астанада кезбелік құратын, тұрғылықты жері жоқ анасы ұрлап әкеткен болуы мүмкін, дейді полковник. Қазір қыздың шешесін де іздеп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны