01.04.2008, 16:01 3323

Тәртіп сақшылары мемлекеттік номеріне қарамастан, автокөліктердің алдыңғы әйнектерінен тұмшалағышты алып тастауға мәжбүрлейді - Астана қалалық ІІД бастығы

Тәртіп сақшылары мемлекеттік номеріне қарамастан, автокөліктердің алдыңғы әйнектерінен тұмшалағышты алып тастауға мәжбүрлейді - Астана қалалық ІІД бастығы

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Тәртіп сақшылары мемлекеттік номеріне қарамастан, автокөліктердің алдыңғы әйнектерінен тұмшалағышты (тонировка) алып тастауға мәжбүрлейді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Астана қалалық ІІД-нің бастығы Серімжан Досымов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз бүгін арнаулы рейд өткізіп, барлық көліктерді, соның ішінде AV, KZ, AA деген мемлекеттік номерлері бар көліктер мен арнаулы органдардың көліктерін де, терезе әйнегіне тұмшалағыш жапсыру ережелерін бұзғандарды түгел тоқтатып жатырмыз", -деді С. Досымов. Бұл шараны бастамас бұрын біз барлық мемлекеттік органдардың басшыларына хат жібердік, осындай жұмыс жүргізілетіні жайлы ескерттік", - деді ол.

"Ешбір куәлік, ешбір дабыл мен қандай номер де ешкімге көмек бола алмайды", -деп мәлімдеді ІІД бастығы.

С. Досымовтың атап көрсетуінше, Астанадағы тәртіп сақшылары автокөліктің алдыңғы терезе әйнектерінн тұмшалағышты алуды "бірінші кезекте өздерінен бастады". "Менің көлігімді өздеріңіз тексеріп көріңіздер, мен бірінші болып оны алдым. Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов та өз көлігіндегі тұмшалағышты алды", -деді ол.

"Біздің ІІД-іне құқық қорғау органдарының көптеген қызметкерлері келеді, біз ІІД ғимаратының жанына арнайы жол полициясы қызметкерін қойдық, ол терезе әйнегіндегі тұмшалағышты ережеге сәйкестендіруге мәжбүрлеп жатыр, ереже бойынша тұмшалағыш жүргізушінің жағында, алдыңғы әйнекте және алдыңғы жолаушы орындығы жағында болмауға тиіс", -деді ІІД бастығы.

Оның пікірінше, автокөліктің алдыңғы терезе әйнегінде тұмшалағыш пленканың болуы "жүргізушілердің көру қашықтығын өзгертіп, жол апатының шығу себебіне айналуда. Тек ағымдағы жылдың наурыз айының 27 мен 30 аралығында автокөліктің алдыңғы әйнегіне жасанды жапсырма жапсыруға байланысты 479 заң бұзушылық анықталды", - деді С. Досымов. Оның айтуынша, жол қозғалысы ережелерімен бекітілген көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар тізімінің 7.3 бөліміне сәйкес, жүргізуші отырған орыннан айналаның көрінуін шектейтін және жол қозғалысына қатысушыларды жарақаттау қаупі бар қосымша құралдар қойылған автокөліктерді пайдалануға тыйым салынған. "Мұндай құралдарға көліктің алдыңғы бүйіріндегі және желдеткіш әйнегіндегі түсті мөлдір пленкалар да жатады".

"Ереженің осы бөлімін бұзғаны үшін 0,5-1 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Сонымен бірге, Икімшілік кодекстің 630-шы бабына сәйкес, мұндай көлік құралы заң бұзушылық жойылғанға дейін айыппұл тұрнағына қойылуы мүмкін", -деді С.Досымов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны