14.06.2013, 15:18 2830

Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан Президенттерінің келіссөздері басталды

Елбасымен бірге тар ауқымдағы келіссөздерге ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, ҚР Үкіметі басшысының бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев және ҚР Президентінің көмекшісі Ержан Қазыханов қатысуда.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан Президенттерінің келіссөздері басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Осы уақытта "Көксарай" резиденциясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Басшысы Ислам Кәрімовтің тар ауқымдағы келіссөздері өтуде.

Елбасымен бірге тар ауқымдағы келіссөздерге ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, ҚР Үкіметі басшысының бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев және ҚР Президентінің көмекшісі Ержан Қазыханов қатысуда.

Тар ауқымдағы кездесуден кейін кеңейтілген құрамдағы келіссөздерді өткізу жоспарлануда. Екі отырыстың қорытындысы бойынша тараптар екіжақты төрт құжатқа қол қоюды көздеп отыр.

Атап айтқанда, олар - Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісім, ҚР Қаржы министрлігі мен ӨР мемлекеттік кеден комитетінің арасындағы кеден арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру жөніндегі Хаттама, Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Өзбекстанның Мәдениет және спорт істері министрлігі арасындағы 2013-2015 жылдарға арналған Мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы, ҚР Ішкі істер министрлігі мен ҚР Ішкі істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны