01.08.2008, 14:14 2458

Тасқала аудандық прокуроры жеке мақсатта жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін қызметінен босатылды

Тасқала аудандық прокуроры жеке мақсатта жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін қызметінен босатылды

Орал. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысының Тасқала аудандық прокуроры Рүстем Жақсылық жеке мақсатта жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы облыс прокуроры Ғалымжан Тоғызбаев кеше өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Оның айтуынша, Өзбекстаннан келген екі мигрант Тасқала аудандық прокурорының бақшасында заңсвз ұсталып, сол жерде прокурордың бақшасында көкөніс отырғызумен айналысқан. Осы жөніндегі мәлімет белгілі болғаннан кейін облыстық прокуратура ішкі тексеру жүргізіп, оның барысында мигранттардың еңбегін заңсыз пайдалану дерегі расталды.

"Олардың аудандық прокурордың үйінің жанындағы жер телімінде болғаны туралы дерек расталды, сол себепті ол жаза жүктеді. Мен оны қызметтен босату туралы бас прокурораға таныстыру жолдадым. Бұл таныстыру қолданып, айыпты қызметінен босталды", -деді облыстық прокурор.

Бас прокурордың бұйрығымен Тасқала аудандық бұрынғы прокуоры Р. Жақсылық БҚО прокуратурасының қарамағында қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны