28.08.2017, 17:58 5849

Татарстан Республикасыныӊ Президенті Рустам Минниханов жұмыс сапарымен Алматы облысына келді

Жалпы Татарстан мен Алматы облысы арасында ауылшаруашылығы бағытында жолдары қиылысар тұстардыӊ өте көп екендігін байқадым. Сіздердіӊ табиғи-климаттық жағдайларыӊыз бәсекелестеріӊіздіӊ алдында басымдық беретіні сөзсіз, - деп атап өтті Р. Минниханов.

Талдықорған. 25 тамыз. Kazakhstan Today - Татарстан Республикасыныӊ Президенті Рустам Минниханов жұмыс сапарымен Алматы облысына келді, - деп хабарлайды әкімніӊ баспасөз қызметі.

Кездесуді облыс әкімі Амандық Баталов ашты.

- Бізбен ынтымақтастық құру туралы білдірген ниетімізді қабыл алғандарыӊыз қатты қуантады. Біз өнеркәсіпті дамыту, жаӊа технологияларды енгізу тұрғысындағы тәжірибелеріӊізді қолданғымыз келеді. Қант қызылшасын өсіруді жаӊғырту - Жетісу өлкесі үшін басым бағыттардыӊ бірі. Сол себепті сіздердіӊ осы бағыттағы тәжірибелеріӊіз бен технологияларыӊыз бізді қызықтырады. Сондай-ақ, "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы мен "Қорғас" шекара маӊы ынтымақтастығыныӊ Халықаралық орталығы арқылы "Құрғақ порт" трансұлттық жобасыныӊ мүмкіншіліктеріне негізделіп, Татарстан мен Алматы облысыныӊ кәсіпкерлері арасында әріптестіктіӊ тығыз байланыс орнатқымыз келеді. Өӊіріміздегі барлық қажетті инфрақұрылымы жүргізілген индустриялық аймақтар бизнесті дамыту мен инвестиция тартуға септігін тигізер игі ісіміз, - деді А. Баталов.

Татарстан Президенті Рустам Минниханов екі жақты тиімді әріптестік құру мәселелеріне тоқталды.

- Біз үшін отандық өнімдерімізді Қазақстан аумағы арқылы өзге мемлекеттерге өткізу мүмкіндіктерін қарастыру маӊызды болып тұр. Мемлекеттік - жекеменшік әріптестік негізінде көптеген балабақшалардыӊ ашылып жатқан тәжірибелеріӊіз біздерді қызықтырды. Одан бөлек, Жетісу өӊірі майбұршақ пен жүгері өндіру бойынша алдыӊғы қатарда, біз үшін осы өнімдерді өсірудегі тәжірибелеріӊіз қажет. Жалпы Татарстан мен Алматы облысы арасында ауылшаруашылығы бағытында жолдары қиылысар тұстардыӊ өте көп екендігін байқадым. Сіздердіӊ табиғи-климаттық жағдайларыӊыз бәсекелестеріӊіздіӊ алдында басымдық беретіні сөзсіз, - деп атап өтті Р. Минниханов.

Тіл сарайында Рустам Минниханов Алматы облысыныӊ татар этномәдени орталығыныӊ өкілдерімен кездесті. Татарстан Президенті облыс әкімі Амандық Баталовқа Иріп Тәӊірбергенніӊ "Біржан Сал мен Ақын Сара айтысы" атты қолжазбасыныӊ көшірмесін табыстады.

Кездесу соӊында ресми делегация Панфилов ауданына жол тартты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны