24.04.2015, 21:45 4006

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясыныӊ Басшысымен кездесті

2015 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясыныӊ Басшысы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқару комитетініӊ Төрағасы - Атқарушы хатшысы С.Н. Лебедевпен кездесті

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясыныӊ Басшысы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқару комитетініӊ Төрағасы - Атқарушы хатшысы С.Н. Лебедевпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ортсайлауком Басшысы Лебедев мырзаны Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі жұмыспен таныстырды.

"Біз сайлаудыӊ соӊғы кезеӊіне сайлау процесіне қатысушылардыӊ құқықтарын бұзушылықтарға шағымдарсыз келдік. Кандидаттардыӊ үгіт науқаны барысында бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізу жөнінде кикілжіӊ жағдай мен талас туындаған жоқ. Дауыс беру күні азаматтар өздерініӊ сайлау құқығын еркін іске асыра алуы үшін учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерініӊ Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) қызметкерлерімен жедел байланыс тетігі жетілдірілді. Бұл сайлаушыныӊ тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісін тексеруге және оны сайлаушылар тізіміне тура дауыс беру күні енгізуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Қ. Тұрғанқұлов.

Лебедев мырза сайлау науқаны барысыныӊ толық шолуы үшін ризашылығын білдіріп, өз тарапынан ТМД Миссиясыныӊ сайлауды байқауда қомақты тәжірибесі бар екенін және әрқашан әділдік пен алаламаушылық қағидаттарын басшылыққа алатынын атап өтті.

"Қазақстанныӊ 7 өӊірі мен Астана және Алматы қалаларынан Миссия байқаушыларыныӊ хабары бойынша қазірдіӊ өзінде жергілікті жерлердегі сайлау комиссияларыныӊ дауыс беру күніне жоғарғы деӊгейдегі дайындығын растай және сайлауды ұйымдастырушылардыӊ барлығыныӊ жұмысына қанағатанушылығымызды білдіре аламыз" - деп атап өтті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқару комитетініӊ Төрағасы - Атқарушы хатшы.

Кездесу соӊында Қ. Тұрғанқұлов ТМД Атқару комитетінен байқаушыларға сайлауды байқауда табыс тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны