04.06.2015, 10:38 3234

Тәуелсіз сарайында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтыӊ қатысуымен Қазақстанныӊ аграрлық секторыныӊ дамуына арналған Қазақстан республикасы Президентініӊ жанындағы Шетелдік инвесторлардыӊ XXVIII кеӊесі өтті

Астана. 04 Маусым. Kazakhstan Today - Жиын барысында кеӊеске қатысушылар Қазақстанныӊ аграрлық саласыныӊ даму әлеуеті мен басымды бағыттарды, АӨК жаӊа алдыӊғы қатарлы техниканы енгізу мүмкіндіктері мен инвестициялық тартымдылықты арттыру аясында ұсыныстарды талқылады. Ауыл шаруашылығы дамуыныӊ мүмкін болатын жолдары бойынша ұсыныспен "Metro Cash and Carry", "Baker and McKenzie International", "Philip Morris International", "Citigroup", "Deloitte CIS", "Deutsche Bank AG", "EY" компанияларыныӊ өкілдері сөз сөйледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіні? тілшісі.

Инвестициялық жобалармен, ауыл шаруашылығы өнімдері мен техникасы ұсынылған саланыӊ инвестициялық тартымдылығымен әлеуетін көрсету мақсатында "Қазақстанныӊ АӨК жетістіктерініӊ көрмесі" ұйымдастырылды. Мемлекет басшысына трансұлттық компанияларды тарту арқылы жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өӊдеу және қайта өӊдеу саласында 15 басымды жобалар көрсетілді.

Атап айтқанда, австриялық және неміс серіктестерініӊ қатысуымен етті мал шаруашылығында кластерді құру бойынша 4 жобаны жүзеге асыру ұсынылып отыр. Мәселен, "Евразия Агро Холдинг" ЖШС өндіріс қалдықтарын қайта өӊдеу бағытымен бірге жылына 17 мыӊ тонна етті өндіретін қуаттылықпен етті қайта өӊдеу кешенін салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, құс өнімініӊ импортын 50%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін голландиялық, австриялық және украиналық компаниялармен 90 мыӊ тонна қуаттылығымен 3 құс фабрикасыныӊ салынуы қарастырылып отыр. Өсімдік майы мен сүт өнімдерін өндіру, дәнді дақылдарды тереӊдетіп қайта өӊдеу бойынша жобалар қарастырылуда.

Бұдан басқа, Тәуелсіз сарайыныӊ алдында отандық ауыл шаруашылығы техникасыныӊ көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені көрушілер еліміздіӊ аумағында (СемАз, АгромашХолдинг) құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасын және Қазақстанда шығару өндірісі жоспарланып отырған техниканы көре алады.

Қазіргі таӊда Шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ мүшелерініӊ құрамына ірі 30 компания еніп отыр: Asian Development Bank, ArcelorMittal, Deloitte, Baker және McKenzie т.б. Сондай-ақ, жиынға Шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ бақылаушыларымен ірі агроөндірістік секторыныӊ басшылары қатысты.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны