17.12.2018, 15:36 5781

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Жамбыл облысында 28 нысан ашылды

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Жамбыл облысында 28 нысан ашылды. Оныӊ 12-і көпқабатты тұрғын үй болса, 7-і дәрігерлік амбулатория, 4-і балабақша, 4-і ауыз сумен қамтамасыз ету және 1 кәріз жүйесі.

Тараз. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Жамбыл облысында 28 нысан ашылды. Оныӊ 12-і көпқабатты тұрғын үй болса, 7-і дәрігерлік амбулатория, 4-і балабақша, 4-і ауыз сумен қамтамасыз ету және 1 кәріз жүйесі. Мұныӊ бәрі Мемлекет басшысыныӊ "ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫӉ ИЛ-АУҚАТЫНЫӉ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ" атты халыққа Жолдауындағы басым міндеттерді орындау, халықтыӊ тұрмыс сапасын арттыруға негізделген.

Жолдаудыӊ өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру басымдығы бойынша Елбасыныӊ "Бес әлеуметтік бастамасыныӊ" бірінші бағыты "Ирбір отбасына баспана алудыӊ жаӊа мүмкіндіктерін беру" аясында бірқатар жобалар іске асырылуда.Оған мереке аясында пайлануға берілген 12 көппәтерлі тұрғын үй дәлел бола алады. Оныӊ тоғызы Тараз қаласыныӊ Сүлейменов көшесініӊ соӊындағы жаӊа №15, екеуі "Бәйтерек" мөлтек аудандарынан берілді. Сондай-ақ, Шу қаласындағы "Жетісу" тұрғын алқабындағы 75 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй қайта жөндеуден өтті.

Бүгінде Тараз қаласындағы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген 462 га жер телімінде жаӊа екі мөлтек аудандарыныӊ құрылысы жүруде. Аталған аудандарда "7-20-25" бағдарламасы аясында ұсынылатын 480 көп қабатты және 969 жеке тұрғын үй құрылыстары басталып, ағымдағы жылы 10 көппәтерлі үй (800 пәтер), 2019 жылы - 25 үй (1 380 пәтер) пайдалануға тапсырылуы жоспарланған. Жалпы, қазіргі кезде Тараз қаласындағы 686 пәтер бағдарлама аясында азаматтарға ұсынылуда.

Айта кету керек, № 15 жаӊа мөлтек ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлердіӊ бірінші қабаттарын іскерлік ортаға беру көзделуде.Осыған орай тиісті шаралар атқарылуда. Осылайша тұрғын үй ғимараттарыныӊ сыртқы ажарын арттыру жоспарлануда. Жаӊа мөлтек ауданныӊ жоспары қайта қаралып, онда алдағы уақытта оқушылар, неке қию, салтанат сарайлары, әкімшілік ғимараттар мен әлеуметтік нысандар бой көтеретін болады. Халыққа қызмет көрсету орталығы, қонақ үй, Тәуелсіздік монументі, үлкен сауда-ойын сауық орталығыныӊ құрылыстарын жүргізу жоспарда бар.

"7-20-25" кредиттеу бағдарламасы аясында әкімдік пен Ұлттық банкініӊ филиалы, бағдарламаға қатысушы банктер арасында бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілген. Ипотекалық несиеніӊ алғашқы жарнасыныӊ 30 пайыздан 20 пайызға төмендеуіне байланысты, пәтер алуға мүмкіндігі бар азаматтардыӊ саны 3 есеге артқан.

Сонымен қатар Елбасы Жолдауында медициналық қызмет сапасы халықтыӊ әлеуметтік көӊіл-күйініӊ аса маӊызды компоненті болып саналатыныӊ баса айтты десек, мереке қарсаӊында ашылған28 нысанныӊ 7-і медициналық мекемелер.

"Исіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектіӊ қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет.Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудыӊ жаӊа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерініӊ жалақысын кезеӊ-кезеӊмен 20 пайызға көбейтуді тапсырамын" - деген болатын Мемлекет басшысы.

Осы орайда облыс көлемінде халық денсаулығыныӊ сапасын арттыру мақсатында ауқымды қолға алынған жұмыстар жүргізілуде. Жекеменшік секторды жұмылдыра отырып, қаржыландыру мен басқарудыӊ жаӊа әдістері қолданылуда. Медициналық қызмет сапасын арттыру бойынша инновациялық әдіс-тәсілдері енгізіліп, жаӊа ғимараттар мен нысандардыӊ құрылысы жүргізілді. Тәуелсіздік күні ашылған 7 медициналық нысанныӊ 2-і мемлекеттік, 5-і мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген.Олар Байзақ ауданындағы, Көкөзек, Жуалы ауданындағы Ертай, Қошқарата, Қордай ауданындағы Жаӊатұрмыс, Т.Рысқұлов ауданындағы Мамай-қайыӊды, Шу ауданындағы Көкқайнар, Бәйдібек ауылдарында орналасқан.

Бұл ашылған медициналық мекемелер арқылы ауылдық жерлердегі алғашқы медициналық көмек көрсету қажеттілігі 84 пайызға қамтылады. Жалпы бұған дейін облыста 95 алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарына ғимарат қажет болатын. Бұл бюджеттік инвестициялық жоба ретінде жүзеге асырылғанда, оған жалпы 6 567,6 миллион теӊге және 7 жыл уақыт керек болатын. Ал, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салу арқылы мерзімін 3 жылға, жұмсалатын қаржы көлемі 2 376 миллион теӊгеге қысқартылды. Нақтырақ айтқанда 4 жыл уақыт және 4 192 миллион теӊге қаржы үнемделіп отыр. Яғни, 95 нысанныӊ 29-ы биыл ашылып үлгерілді. Осы секілді 2019 жылы 40, 2020 жылы 25 нысан бой көтереді деп жоспарлануда.

Еліміздіӊ Тәуелсіздік күніне орай Жамбыл облысында халықтыӊ тұрғын үй мен медициналық мекемелерге деген қолжетімділігін арттыруға арналған бұл нысандардан бөлек, жұртшылықтыӊ әлеуметтік тұрмыс сапасын жақсартуға негізделген мекемелер де ел игілігіне берілді. Атап айтар болсақ, Жамбыл ауданындағы Тоғызтарау ауылыныӊ сумен қамтамасыз ету жүйесі іске қосылса, Пригородное және Қордай ауданындағы Ауқатты ауылыныӊ сумен қамтасыз ету жүйесі қайта жаӊғыртылды. Талас ауданындағы Қызыләуіт ауылыныӊ инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру, Шу ауданындағы Төле би ауылыныӊ кәріз жүйесін қайта жаӊғырту шаралары аяқталды. Қордай ауданындағы 100 орындық "Айару", "Айсұлтан", "Сенім Қордай", "Нұрсила" жекеменшік балабақшалар есігін айқара ашты. Бұл облыстағы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған 3-6 жастағы балалардыӊ үлесі 98 пайызға жуықтатты. Ал, келер жылы тағы 29 балабақша ашу арқылы, 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамту көзделіп отыр.

Бұл ғана емес, облыста биыл ветеринариялық пунктерді типтік үлгідегі ғимаратпен қамту бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылды. Айталық, өткен жылы өӊірде небары 22 ветпункт болатын болса, ағымдағы жылы олардыӊ қатары 45-ке артып жалпы саны 71-ге жетті. Бұл да жүйелі жұмыстыӊ нәтижесі екендігі сөзсіз, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны