05.02.2014, 21:05 3222

Тәуелсіздік жылдарында қазақ мектептері оқушыларының саны 900 мыңнан 1,7 миллионға дейін жетті

Үкіметте мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі Комиссия отырысы өтті. Отырыста Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед тілдердің жұмыс істеуі мен дамуы мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыру қортындылары туралы хабарлады.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan today. Үкіметте мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі Комиссия отырысы өтті.

Отырыста Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед тілдердің жұмыс істеуі мен дамуы мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыру қортындылары туралы хабарлады.

"Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақ мектептері оқушыларының саны 900 мыңнан сәл ғана асатын, қазір ол цифр 1,7 миллионға дейін жетті. Тәуелсіздік жылдарында қазақ тілінде оқытатын 1 мыңнан астам мектеп салынды",-деп хабарлады М.Құл-Мұхаммед.

Министр сондай-ақ бүгінгі күні мемлекеттік органдарда іс жүргізуді қазақ тіліне көшіру және әдістемелік базаны нығайту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

"Мемлекеттік органдардың 70 пайыздан астамы іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуде, 1 миллионнан астам дана сөздік шығарылды",-деді М.Құл-Мұхаммед.

Отырысты қортындылай келе, С.Ахметов мемлекеттік тілді дамыту Мемлекет басшысының айрықша бақылауында отырғанын атап өтті.

"Үкімет, "Нұр Отан" партиясы, Парламент депутаттары бірлесіп Президенттің "тілдерді жұмыс істету мен дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етуі керек",-деп атап көрсетті С.Ахметов.

Бұдан басқа, Премьер-Министр өкілетті органдарға мемлекеттік бағдарламаларды орындау тиімділігін одан әрі жақсарту бойынша нақты ұсыныстар беруді тапсырды.

Айта кетейік, Елбасы өз Жолдауында "мектеп түлектері қазақ, ағылшын, орыс тілін меңгеріп шығу керектігін" айтқан болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны