11.10.2007, 18:04 2914

Тәжік кеденшілері Ресейге 20 кг астам героин шығаруға жасалған контрабандалық әрекеттің жолын кесті

Тәжік кеденшілері Ресейге 20 кг астам героин шығаруға жасалған контрабандалық әрекеттің жолын кесті7

Душанбе. 11 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Тәжік кеденшілері Ресейге 20 кг астам героин шығаруға жасалған контрабандалық әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы агенттік тілшісіне Тәжікстан үкіметінің жанындағы кеден қызметінен хабарлады.

Кеден мекеменің ақпаратына сәйкес, Согды кеденінің қызметкерлері Худжанд әуежайының 1-ші халықаралық терминалының аумағында героинді тәркіледі. Есірткі сәрсенбі күні таңертең Худжанд-Мәскеу бағытында бет алған жолаушыларды кедендік тексеру барысында табылған. Есірткі тасымалдады деген күдікпен Согды облысының тумасы тұтқындалды, оның аты-жөні тергеу мүддесіне орай жарияланбай отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны