14.08.2006, 15:33 2885

Тәжікстан азаматтарын Қазақстанға заңсыз әкелген еліміздің азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. 14-тамыз. Kazakhstan Today. Тәжікстан азаматтарын Қазақстанға заңсыз әкелген еліміздің азаматының үстінен Астанада қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД бастығының бірінші орынбасары Марат Демеуов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біздің қызметкерлер заңсыз көші-қон арнасын анықтап, Астана аумағына еліміздің азаматы заңсыз әкелген Тәжікстанның 20 азаматын ұстады",- деді М.Демеуов. Оның айтуынша, "Астананың азаматы әлгі адамдарды өз үйінде заңсыз ұстап, олардың бәрін құрылыс нысандарына жұмысқа орналастырып, жұмыс орнына автобуспен жеткізіп отырған, кешкісін оларды күзетпен үйіне алып кететін болған. Ал олардың еңбекақысын өзі иемдеген, оларға қызыл тиын бермеген".

Сонымен бірге, М.Демеуовтың айтуынша, барлық мигранттардың жеке басын куәландыратын құжаттарын алып тығып алған.

Астана қалалық ІІД бастығының бірінші орынбасарының айтуынша, қазір еліміздің азаматының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің адамдарды заңсыз қанау және оларды елге заңсыз әкелу жөніндегі 335 және 127-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Бұл баптарда 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жөніндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Біз бұл жөнінде Тәжікстан елшілігіне хабар бердік. Қазір мигранттар осы елшілік арқылы құжаттарын рәсімдеп жатыр. Ал Қазақстанда қалып жұмыс істегісі келетіндердің мұндай құқығы бар",- деді ол.

М.Демеуовтың айтуынша, заңсыз еңбек мигранттарын легализациялау шарасы басталған алғашқы 10 күнде Астананың көші-қон полициясына 479 шетел азаматы келген. "Қазір олардың 380-і ерекше үлгідегі көші-қон карточкасын алды",- деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны