18.07.2008, 11:42 1344

Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында 100 килограмм есірткіні алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойылды

Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында 100 килограмм есірткіні алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойылды

Алматы. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Хамадони шекара отрядының бір учаскесінде Тәжікстан аумағына Ауғанстан Ислам Республикасынан ірі көлемде есірткі алып өтуге жасалған әрекеттің жолы кесілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Тәжікстанның ұлттық "Ховар" агенттігіне сілтеме жасап.

Тәжікстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің шекара әскерлері бас басқармасының шекарашылары контрабандистерді көріп қалған. Бұдан кейін олардың арасында атыс болды. Нәтижесінде контрабандашылар есірткі салған қаптарын тастап, көршілес жағалауға өтіп кеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны