24.04.2008, 15:07 3211

Тәжікстан мен Ауғанстанның арнайы қызметтерінің бірлескен операциясы нәтижесінде апиынның ірі партиясы тәркіленді

Тәжікстан мен Ауғанстанның арнайы қызметтерінің бірлескен операциясы нәтижесінде апиынның ірі партиясы тәркіленді

Душанбе. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан мен Ауғанстанның арнайы қызметтерінің бірлескен операциясы нәтижесінде апиынның ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Тәжікстан президенті жанындағы есірткіні бақылау агенттігінің қызметкерлері Ауғанстан полициясымен бірлескен операциясының нәтижесінде заңсыз айналымнан 161 кг шикі апиын тәркіледі", - деп хабарлады агенттік.

Аталмыш қылмысқа күдікті деп 8 адам ұсталды. Олардан сондай-ақ, көптеген қару-жарақ тәркіленді.

Ведомство мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында осындай бірлескен операциялар нәтижесінде есіртікінің 300 килосы тәркіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны