30.04.2015, 21:54 7140

Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 186 қаулысына сәйкес, Тәжікстан Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен 1428 тонна жүк бөлінді

Астана. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 186 қаулысына сәйкес, Тәжікстан Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен 1428 тонна жүк бөлінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасы жалпы сомасы 2,7 млн. АҚШ доллары (503,4 млн. теӊге) көлемінде iзгiлiк көмек ретінде бидай ұны, ет консервілері, өсімдік майы, сары май, қарақұмық жармасы, қант, болат құбырлар мен металлпрокат бөлді, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Ү.ж. 30 сәуірде Тәжікстан Республикасыныӊ Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резерв жөніндегі агенттігіне ізгілік көмек жүктелген 9 вагонды ресми тапсыру салтанаты өтті. Ізгілік жүктері тиелген 24 вагон жолда келе жатыр.

Ізгілік көмекті ресми тапсыру барысында Қазақстан Республикасыныӊ Тәжікстан Республикасындағы Елшісі Ағыбай Смағұлов Тәжікстан Республикасыныӊ Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резерв жөніндегі агенттік директорыныӊ орынбасары Сохибджон Зиядуллаевқа ізгілік көмектіӊ сыйға берілгені туралы сертификатты табыс етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны