03.04.2007, 17:06 3139

Тәжікстанда "Шеп-2007" оқу- жаттығуларының екінші кезеңі басталды

ТИЖІКСТАН. 3- сәуір. Kazakhstan Today. Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шарты ұйымының біріккен "Шеп-2007" командалық-штабтық оқу-жаттығуларының екінші кезеңі бүгін Тәжікстанда басталады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шарты ұйымының хатшылығынан хабарлады.

Хатшылықтан хабарлағандай, екінші кезең лаңкестікке қарсы күрес операцияларына дайындыққа арналған. Үш күн ішінде "Орталық Азия аймағының шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштерінің қолбасшылығы тарапынан лаңкестікке қарсы іс-қимылдарға шешім қабылдау, қол астындағы әскери бөлімдер мен бөлімшелерге мақсат қою, лаңкестікке қарсы іс-қимылдардың жоспарын жасау мен қол астындағы әскердің дайындық жұмыстарын ұйымдастыру" мәселелері пысықталады.

Оқу-жаттығулардың белсенді фазасына жататын үшінші кезеңі 6-сәуірде "Ляур" полигонында басталады. Оның барысында Орталық Азия аймағының шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштерінің бөлімдері мен бөлімшелерін "лаңкестік құрылымдарды табу мен бейтараптандыруға, олардың диверсиялық әрекеттері мен торуылдарына қарсы тұруға бағытталған жауынгерлік іс-әрекеттерді жүргізу барысында" басқару мәселелері тікелей пысықталады. "Оқу-жаттығулардың белсенді фазасына 500-дей әскер, 50 сауытты техника, Су-25 ұшақтарының звеносы мен Ми-24 тікұшақтарының звеносы жұмылдырылады",- деп хабарлайды Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шарты ұйымының хатшылығы.

Оқу-жаттығуларға Ресей, Қазақстан және Тәжікстанның Орталық Азия аймағының шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштерінің бөлімдері, Армения, Қырғызстан мен Өзбекстанның әскери мекемелерінің шұғыл топтары қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны