13.06.2006, 15:47 2884

Тәжікстанның арнаулы қызметтері “Арна-2006“ шарасының бірінші кезеңінде 243 килограмм есірткі тәркіледі

ДУШАНБЕ. 13-маусым. Kazakhstan Today. Тәжікстанның арнаулы қызметтері есірткі тасымалдау арналарының жолын кесуге бағытталған “Арна-2006“ шарасының бірінші кезеңінде 243 килограмм есірткі, соның ішінде 130 килограмм героин, 21 килограмм шикі апиын мен 92 килограмм марихуананы заңсыз айналымнан шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, бұл шара Ұжымдық қауіпсіздік келісім- шарты ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының шешімімен ұйымға мүше-елдер - Ресей, Беларусь, Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан аумағында жыл сайын өткізіледі.

Шараға бақылаушы ретінде Изербайжан, Иран, Қытай, Монғолия, Пәкістан, АҚШ, Өзбекстан және Украина өкілдері қатысты. “Арна-2006“ шарасының екінші кезеңі ағымдағы жылдың күзіне белгіленген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны