10.04.2008, 17:53 3081

Тәжікстанның құқық қорғау органдары Ауғанстанға прекурсорларды кім жеткізетінін білмейді

Тәжікстанның құқық қорғау органдары Ауғанстанға прекурсорларды кім жеткізетінін білмейді

Душанбе. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ауғанстан елімен шегаралас жатқан Тәжікстан және басқа елдердің құқық қорғау органдары осы күнге дейін Ауған еліне прекурсорларды кім жеткізетіні туралы хабарсыз. Бұл туралы журналистерге Тәжікстан президенті жанындағы есірткіні бақылау жөніндегі агенттігі директорының орынбасары Вайсиддин Азаматов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сүйене отырып.

"Илемде героинді номер бірінші шығарушысы болып саналатын Ауған елімен көршілес жатқан мемлекеттер олардың аумағында прекурсорлар шығарылатын деректер тіркелмеде деп бір ауыздан мәлімдеуде", -деді В. Азаматов.

Оның сөздері бойынша, Тәжікстанда бұл заттардың өндірісі, оны елге кіргізуі немесе сыртқа шығарылуының бірде бір дерегі тіркелмеген. "Ауғанстанға прекурсорларды кімдер жеткізетіні біздерге жұмбақ болды ", -деп атап өтті есірткіге қарсы агенттігі бастығының орынбасары.

Агенттіктің мәліметтері бойынша Тәжікстан, Қазақстан және Ауғанстанның арнайы қызметтерімен жүргізілген операциялары кезінде биылғы жылдың бірінші тоқсанында есірткі заттары мен қару жарақтан басқа Ауғанстанда 135 келі прекурсор тәркіленді.

"Ауғанстандағы прекурсорлар тасымалын бақылауға Ауған елімен шегарас жатқан мемлекеттердің бірлескен арнайы TARCET операциясы көмегін тигізуде. Бұдан бұрын ол "Транзиттік тасымалдаулар"" операциясы деп аталатын.

"Жуырда Германияның криминалдық полициясының Федералды ведомствосының вице-президенті Бернхард Фальк бастаған неміс полициясының қызметкерлері тәжік- ауған мемлекеттік шерасының Пәнжі бағытында операцияның өткізілуін бақылап, құқық қорғау органдарының қызметіне жақсы баға берді ", - деп хабарлады В. Азаматов.

Тәжікстанда биылғы жылдың бірінші тоқсанында 1,7 тонна есірткі тәркіленіп оның 418 келісі героин болып шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны