31.03.2008, 09:57 3443

Тәжікстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері мен шекарашылар 100 кг есірткі тәркіледі

Тәжікстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері мен шекарашылар 100 кг есірткі тәркіледі

Душанбе. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері мен шекарашылар 100 кг есірткі тәркіледі, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Республиканың Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қоғаммен байланыс орталығы хабарлағандай, Тәжікстанның арнайы қызметі тәжік-ауған шекарасында есірткі тасымалдаушылардан 25 кг есірткі тәркілеген.

"Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Пяндж шекара отрядының әскери қызметкерлерімен және құқық қорғау органдарымен бірлесе атқарылған арнайы операция нәтижесінде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту және есірткі контрабандасының кезекті оқиғасының жолы кесілді", - деп хабарлады ақпарат көзі.

Оның айтуынша, заң бұзушылардан 25 кг 240 грамм есірткі тәркіленген. Оның 18 кг 655 граммы героин және 4 кг 90 грамм шикі апиын болып табылады. Сондай-ақ, олардан бір мылтық табылған.

Сонымен бірге, республиканың оңтүстігінде Тәжікстанның арнайы қызметі шамамен 70 кг есірткі тәркілеген.

Республиканың Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қоғаммен байланыс орталығы хабарлағандай, жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында комитет қызметкерлері Ауғанстанмен шекаралас Хамадони ауданында "ВАЗ-Нива" маркалы көлік иелері - Тәжікстанның үш азаматы тұтқындалған. Көлікті тексеру барысында 69 кг 700 грамм марихуана табылған.

Аталмыш оқиғалар бойынша қылмыстық істер қозғалған, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны