15.05.2008, 19:33 2914

Тәжікстанның Соғды облысында Қырғызстанға тасымалдануы тиіс героиннің жолы кесілді

Тәжікстанның Соғды облысында Қырғызстанға тасымалдануы тиіс героиннің жолы кесілді

Душанбе. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанның Соғды облысында құқық қорғау органдары Қырғызстанға тасымалдануы тиіс героиннің жолын кесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

ІІМ хабарлауынша, Бободжонгафуров ауданының Костакоз кентінің аумағында есірткі затын заңсыз тасымалдады деген күдікпен екі жас жігіт қамауға алынған. Олар жергілікті тұрғын мен Баткен облысында тұратын Қырғызстан азаматы.

"Тінту кезінде қамауға алынғандардан көршілес Қырғызстанға тасымалдануы тиіс болған 13 кг героин табылып, тәркіленді", - деп атап көрсетті ішкі істер министрлігі.

Жалпы алғанда, биылғы жылдың 4 айы ішінде елдің барлық күш және құқық қорғау құрылымдары 1 тонна 688 кг есірткі затын тәркілеген. Оның 417 килосы героин болып табылады. Өткен жылдың осындай мезгілінде Тәжікстанда заңсыз айналымнан 1 тонна 213 кг есірткі тәркіленген. Оның 397 кг героин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны