28.05.2010, 10:20 1592

Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың жүздеген фактісіне жол берген - Бас прокуратура

Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың жүздеген фактісіне жол берген - Бас прокуратура

Астана. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың жүздеген фактісіне жол берген. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков кеше өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бас прокуратураның хабарлауынша, прокуратура органдары кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау, олардың қызметіне бақылаушы құрылымдардың негізсіз араласуы фактілерінің жолын кесу, іскерлік бастамаларға жасалатын заңсыз кедергілерді жою жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыруда.

"Мәселен, Бас прокуратураның Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетте жүргізген тексеруі бұл ведомствоның аумақтық бөлімшелері тауардың қайдан шыққаны туралы сертификат беру кезінде, Индустрия және сауда министрлігінің заңға қайшы бұйрығына сүйене отырып, кәсіпкерлерден Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен ынтымақтастық туралы келісімді негізсіз талап еткенін анықтады. Бас прокуратураның наразылығы бойынша бизнесмендердің құқығына нұқсан келтіретін аталған заңсыз бұйрықтың күші жойылды",- деді Нұрдәулет Сүйіндіков.

Сонымен қатар комитет кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың жүздеген фактісіне жол берген. Заңнамаға сай техникалық регламенттің сақталуына тексерулер тек келіп түскен шағымдар мен хабарламалар негізінде ғана жүргізілуі мүмкін. Ал аталмыш Комитет болса жоспарлы негізде 200-ге жуық осындай тексерулер жүргізген.

"Жалпы, Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті мен оның аумақтық бөлімшелеріндегі тексеру қорытындысымен прокуратура органдары заңдылықты жою туралы 74 ұсыныс енгізіліп, 4 наразылық келтірді, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке 100-ден астам тұлға тартылып, 6 материал процессуалдық шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына жолданды.

Бас прокуратураның ұсынысын қарау нәтижесінде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі заң бұзушылықтарды тудыратын себептер мен жағдайларды жою мақсатында техникалық реттеу саласында 6 нормативтік құқықтық акті қабылдады. Оның ішінде Мемлекеттік стандарттар мен техникалық-экономикалық сұрыптауларды жасау мен бекіту ережесі де бар",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны