08.04.2010, 18:39 3171

Тексеру барысында әртүрлі заң бұзушылықтармен қолданылып жүрген 200-ге жуық кеме анықталды - Бас прокуратура

Тексеру барысында әртүрлі заң бұзушылықтармен қолданылып жүрген 200-ге жуық кеме анықталды - Бас прокуратура

Астана. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Тексеру барысында әртүрлі заң бұзушылықтармен қолданылып жүрген 200-ге жуық кеме анықталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Бас прокуратура су көлігі туралы заңнамалардың қолданылуына тексеру ұйымдастырды",- деді ол.

Ресми өкілдің хабарлауынша, тексеру барысында кемелерді тіркеу және пайдалануға, навигациялық белгілермен жабдықтауға, азаматтарға кемелерді басқаруға құқық беруге, сондай-ақ апатты жағдайларды тергеуге байланысты көптеген заң бұзушылықтар анықталды және олар су көлігінде тиісті бақылаудың жоқ екенін көрсетті.

"Тексеру барысында әртүрлі заң бұзушылықтармен қолданылып жүрген 200-ге жуық кеме анықталды. Тек бір ғана Бұқтырма су қоймасында тіркелмеген 13 теплоход және шағын кемелер анықталды, олардың жағдайы қауіпсіздік талаптарына сай келмейтіндігі белгілі болды. Кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 39 кемені пайдалану тоқтатылды.

Кеме жүргізу қауіпсіздігіне қауіп төндіріп жатқан судағы объектілерді заңсыз салу деректері де анықталды. Тек 2008-2009 жылдары ғана теңіз және ішкі су жолдарында белгіленген талаптарды бұза отырып 17 объект тұрғызылған және қайта құрылған",- деді Н.Сүйіндіков.

Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының астында жүзуге құқық беру туралы шешім қабылдау тәртібін жасамаған. Бұл кеме пайдаланушылардың құқықтарының бұзылуына жағдай тудырып отыр.

"Бас прокуратураның ұсынысымен Көлік және коммуникация министрлігі бұл салада анықталған заң бұзушылықтарды жою, сонымен қатар кінәлі деп танылған тұлғаларды жауапқа тарту бойынша кешенді шаралар қабылдады. Атап айтқанда, кемеде жүзу қауіпсіздігіне бақылауды күшейту мақсатында Көліктік бақылау комитеті ұйымдастырушылық және құрылымдық жағынан күшейтілді. Министрлік заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар, соның ішінде кемелердің Қазақстанның Мемлекеттік туының астында жүзу мәселесін реттеу бойынша ұсыныстар жасады. Заңнамалық актілерге ұсынылған өзгерістер шеңберінде теңіз және өзен порттарының мәртебесі мен қызметін нақтылау да жоспарланып отыр",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны